30 тамыз. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 30 тамыз тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Көкшетау қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын (1983), «Тұран» университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты. 1983 - 1985 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сақтандыруда инженер-экономист болып жұмыс істеген. 1986 - 1989 жылдары Көкшетау қалалық атқару комитетінде инженер-экономист, экономист, аға экономист болып жұмыс істеген. 1991-1992 жылдары - Көкшетау қаласында шаруашылық есептік-экономикалық топ жетекшісі. 1992-2006 жылдары - «Тілектес» ЖШС-нің директоры, «АВЗ - 007» ЖШС-нің қаржылық директоры. 2006-2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Қаржы департаментінің басқарма бастығы. 2008 жылдан бастап «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы. 1998-2002 жылдары - Іскер әйелдер қауымдастығының Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы (қоғамдық негізде). 2000 жылы АҚШ-та тағылымдамадан өткен. 2001 жылы АҚШ-та «SАBIT» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен. 2002-2006 жылдары - Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының төрайымы (қоғамдық негізде). 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші және 2016 жылдың наурыз айынан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы. 2002 жылдан «Ақ жол» ҚДП мүшесі. 2002 - 2005 жылдары «Ақжол» ҚДП-ның Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы. 2012 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі. 2016-2020 жылдары алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы болды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.

Еңбек жолын 1986 жылы Қазақ КСР-нің 60 жылдығы совхозының зоотехнигі ретінде бастаған. 1987-1988 жылдары - Орал облысы Қаратөбе аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы. 1988-1989 жылдары - Орал облысы Қаратөбе ауданы комсомол аудандық комитетінің есеп секторының меңгерушісі. 1989-1991 жылдары - Орал облысы Қаратөбе ауданы комсомолы аудандық комитетінің ұйымдастыру-одақ бөлімінің меңгерушісі. 1991-1993 жылдары - Орал облысы Қаратөбе ауданы аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы. 1993 жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін Орал облысы Қаратөбе ауданы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы. 1993-1994 жылдары - Орал облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің аға референті. 1994-1996 жылдары - Орал облысы Қаратөбе ауданы Шоптыкөл ауылдық округінің әкімі. 1996 жылдың сәуір айынан шілде айына дейін Ақмола облысы, Ақмола қаласындағы «EP-EC» ЖШС менеджері. 1996-2019 жылдары - ішкі істер органдарындағы қызмет (басшы лауазымдарды, оның ішінде ІІМ Орталық аппаратында қызмет атқарған, Орал қаласы ІІД бастығының орынбасары, Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы, полиция басқармасы бастығының орынбасары, Ішкі істер министрлігі Жедел жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары).
2019 жылдың шілде айынан қазіргі қызметін атқарып келеді.

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Кременевка ауылында туған. 1990 жылы КСРО Қызыл Жұлдыз орденді Рязань жоғары әскери автомобильдік инженерлік училищесін бітірді.
Еңбек жолын 1990 жылы КСРО ІІМ Ішкі әскер басқармасы моторландырылған полк взводының командирі қызметінен бастады. 1992 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскер жеке бригадасының автоброньды танк қызметінің бастығы болып тағайындалды. 1999-2014 ж.ж. аралығында Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарының ІІД ЖПБ басшысы болып қызмет атқарды. 2015-2017 ж.ж. аралығында Ішкі істер министрлігінің Орталық аппаратында Автокөлік шаруашылығы бөлінісін басқарды. 2017-2023 ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Тыл департаментінің бастығы.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Қызылордадағы Қорқыт Ата атындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетінің физика және тәрбие ісі жөніндегі әдіскері бөліміне оқуға түскен. Еңбек жолын 1992 жылы Жалағаш аудандық №31 орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.
Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2001 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына бас маманы ретінде бастаған. 2005 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы лауазымына ауысқан. 2005 жылы «Болашақ» университетін заңгер мамандығы бойынша бітіріп, екінші жоғары білім алды. 2005 жылдың 1 тамызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қызылорда облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызметті кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
2007 жылдың 19 сәуірінен 2007 жылдың 7 қарашасына дейін Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған. 2007 жылдың 7 қарашасынан 2011 жылдың 8 маусымына дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2011 жылдың 8 маусымынан 2015 жылдың 8 қыркүйегіне дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2015 жылы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2016 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттінің басшысы, 2016-2018 жылдары Астана қаласы бойынша бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаментінің этика жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі, басшы орынбасары, 2018-2021 жылдары Астана қаласы бойынша бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы болған.
Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың қаңтарынан.

Алматы қаласында туған.
2007 жылы халықаралық маркетинг мамандығы бойынша «Regents Business College» бітірді, 2009 жылы «The University of Winchestetr» МВА дәрежесін алды, 2015 жылы «Д.А. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін» бітірді.
Еңбек жолын «Қазақстан телекоммуникациялары» ЖАҚ-да («Кателко Плюс») клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, техникалық кеңесші лауазымынан бастады. 2006 жылы «Bang and Olufsen» компаниясының халықаралық өкілдігінде маркетинг бойынша менеджер болды, кейін Өңірлік даму жөніндегі директор лауазымына ауыстырылды. 2010 жылы «Asia Capital басқарушы компаниясы» АҚ Активтерді басқару бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде («Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық Компаниясы«АҚ) консультант. 2016 жылы»Теңіз Сервис«ЖШС Атырау филиалының директоры болып тағайындалды. 2017 жылы»GoodWiil Partners«ЖШС Бас директорының міндетін атқарды. 2019-2020 жылдар аралығында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының энерготиімділігі және энергия үнемдеуді арттыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2020-2023 жылдар аралығында ол энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2023 жылғы мамырдан қазіргі қызметінде.