30 тамызда Астанада Конституция күніне арналған мерекелік шаралар өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 тамыз - Конституция күні мерекесіне орай Астана қаласында бірқатар іс-шаралар өткізіледі.
None
None

Атап айтқанда, 30 тамыз күні сағат 11.00-де «Мичурино» ауданында, сондай-ақ «Заречный», «Ильинка» «Көктал» тұрғындар мекендерінде мерекелік концерт және бұқаралық серуендер ұйымдастырылады. Ал «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар адамдардың қатысуымен флеш-моб өтеді. Ал Астана қаласының орталық саябағында аула клубтары тәрбиеленушілер арасында аула клубтарының фестивалі ашылса, Отан қорғаушылар алаңында «Менің Қазақстаным! Менің Астанам!» атты балалар арасындағы сурет байқауы бастау алмақ. Спорттық шаралардан Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда сағат 10.00-де «Достық» спорткомбинаты» МКҚК-нің Ашық есік күні (армрестлинг, кір тасын көтеру) ұйымдастырылса, «Толқын» спорт кешенінде №3 БЖСМ-нің әкімшілігі, оқушылары және жаттықтырушылары арасында кросс болады. Сондай-ақ Орталық алаңда мерекелік концерт өткізіледі, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Соңғы жаңалықтар