30 тамызда ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде Конституция күнін мерекелеуге байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар 30 тамызда азаматтарды қабылдамайды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

30 тамызда ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын 31 тамыздан бастап, әдеттегі кесте бойынша жалғастыратын болады.
Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО әдетте, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.