30 ізгі іс: Алматыда 465 пәтерге қауіпсіздік құрылғылары орнатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай, Алматы қаласының ТЖД «30 ізгі іс» атты ауқымды науқан жариялады.

Баланың амандығы — басты мақсат: Алматыда 465 пәтерге қауіпсіздік құрылғылары орнатылды
Фото: Алматы қаласы ТЖД

Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, оның аясында балалардың терезеден құлауын алдын алу бойынша профилактикалық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.

Баланың амандығы — басты мақсат: Алматыда 465 пәтерге қауіпсіздік құрылғылары орнатылды
Фото: Алматы қаласы ТЖД

— Қала әкімдігінің қолдауымен 1425 терезелердің ашылуын шектейтін құрылғылар сатып алынып, олар мұқтаж санаттағы — көпбалалы отбасылар мен әкімшіліктің есебінде тұрған әлеуметтік осал топтар санатына кіретін отбасыларға орнатылмақ. Бүгінгі күнге дейін бұл құрылғылар 465 пәтерге тегін орнатылды, — делінген хабарламада.

Техникалық шаралардан басқа, алдын алу шараларға ерекше назар аударылып келеді: 

— тұрғындарға қауіпсіздік шаралары туралы еске салатын апталық SMS-хабарламалар жіберіледі; 

— мектептер мен балабақшаларда жазғы демалысқа дейін оқыту сабақтары мен ойындар өткізілді;

— халықпен кездесулер ұйымдастырылып, 7000-нан астам ақпараттық парақша таратылды;

— ТЖД қызметкерлерінен «Жылжымалы қауіпсіздік мектебі» құрылып, түсіндірме сабақтары аясында балалар лагерінде 170-тен астам бала оқытылды.

Баланың амандығы — басты мақсат: Алматыда 465 пәтерге қауіпсіздік құрылғылары орнатылды
Фото: Алматы қаласы ТЖД

Қалалық ТЖД мәліметінше, науқанның мақсаты — әрбір баланың өмірі мен денсаулығын сақтау. Аталған жұмыстар жалғасын табады.

Осыдан бұрын Алматыда электровелосипед иелеріне ескерту жасалды.