30 жастағы үндіс өмір бойы кірпіш пен балшықты азық етіп келеді - ФОТО/ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл 30 жасар үндіс Паккираппа Хунагундидің ерекше әуестігі - ол кәдімгі кірпішті азық етеді. Ер адам азық деуге келмейтін кірпішті 10 жасынан жей бастаған. 20 жыл ішінде ол күніне 3 келі кірпіш, оның ішінде тастар мен балшықты тағам ретінде пайдаланған, деп хабарлайды Day.Az.
Паккираппа кәдімгі тасты, оның ішінде кірпіш пен кепкен балшықты кеміріп, мүжігенді ұнатады. Ол Пика деп аталатын ауруға шалдыққан екен, бұл ауру жеу мүмкін емес заттар - мұз, балшық, бор, құм сияқты заттарға әуес болумен сипатталады.
Оның отбасы бұл әдетінен қалай арылтатынын білмей бастары қатуда, ал ол бұл қажетіне қарсы тұра алар емес. Қазір Паккираппа тісіне еш зақым келтірмей, кірпіш жеу қасиетін көрсетіп табыс табуда.