30 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

30 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00 Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Энергетика министрлігінің биылғы қызметінің қорытындылары және 2023 жылға арналған жоспарлары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: Энергетика министрі Ақшолақов Болат Оралұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

14.00-де суретші Анар Әубәкірдің «Москва» бизнес орталығында «Мифті аңсаған кезде» көрмесі өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Балалар жылының қорытындысы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: Оқу-ағарту вице-министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы, Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Оспанова Насымжан Жамбекқызы, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының м.а. Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

19.00-де «Астана Балет» театрында «Щелкунчик» балеті қойылады.