30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынған ер адам Павлодарда ұсталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар облысы Полиция департаментінің жедел уәкілдері жасаған қылмысы үшін іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынған ер адам Павлодарда ұсталды
Фото: polisia.kz

– 1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында зорлық жасаған ер адам облыс орталығында ұсталды. Ресей Федерациясының Тюмень қаласында біздің қаламызда қарақшылық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуге жариялаған күдікті құрықталды, – деді Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Бұған дейін Павлодарда интернет арқылы танысқан қыз ер адамның телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген оқиға жайлы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар