30 жыл бойы өлім жазасын күткен тұтқын бостандыққа шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан 30 жыл бұрын өлім жазасына кесілген американдық үкім күші жойылғаннан кейін Луизианадағы түрмеден бостандыққа шықты, деп хабарлады ВВС.
Луизиана штатының соты 1983 жылы тек қана ақ нәсілділерден жасақталған алқа билер сотының шешімімен өлім жазасы кесілген 64 жастағы афроамерикандық Гленн Фордқа қатысты үкімнің күшін жойды. Оған Изадор Роузманды өлтірді деген айып тағылған еді. Дегенмен, 30 жылдан кейін өлім жазасына кесілген азаматтың қанды оқиға орын алған жерде болмағандығы жайында жаңа ақпараттардың табылуына орай сот оны бостандыққа шығарды.