300 бала Астана әкiмiнiң Жаңа жылдық шыршасына қатысты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Оқушылар сарайында қала әкiмiнiң атынан Жаңа жылдық шырша өттi.

300 бала Астана әкiмiнiң Жаңа жылдық шыршасына қатысты  (ФОТО)

"Бүгiнгi шыршаға Астанадағы 300-ден астам балақай қатысуда. Оның 150-i - балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi болса, қалған 150 бала - түрлi олимпиадалар мен бiлiм конкурстарының жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi. Шырша мерекесi биыл «Мәңгілік Елдің қасиетті құндылықтары» тақырыбымен өтуде. Бұл балалар жыл бойы Жаңа жыл мерекесiн күтедi, сондықтан бiз оларға ұмытылмас салтанат жасағымыз келдi. Театрландырылған көрiнiстi қою үшiн режиссер Талғат Теменовтi шақырттық", - деп атап өттi Астана қаласы Бiлiм басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева.

Оның айтуынша, балаларға Оқушылар сарайына экскурсиялар ұйымдастырылып, планетарий, интерактивтiк парк бойынша саяхат жасалды.

"Әрбiр қатысушы Астана әкiмi атынан тәттi базарлықтар мен ұялы телефон алады", - деп атап өттi ол.