300-ден астам жазасын өтеуші абақтыдан қашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гаити астанасы Порт-о-Пренстен 13 шақырым жерде орналасқан абақтыға белгісіз топ шабуыл жасады, деп жазады 24.kz.
Оқиға кезінде ғимараттан 329 қылмыскер қашқан. Олардың біреуі де қазірге дейін полицияның қолына түскен жоқ.
Жалпы түрмеде шамамен 700 сотталушы болды. Гаитидің әділет министрі полицияның тергеу ісін бастағанын хабарлайды. Шекара қызметкерлері де күшейтілген күзет орнатты. Гаити үкіметі көрші елдердің билік басшыларына да болған оқиғаны хабарлап, ескерту жасады.