300 түлекке әскери қызметкер куәлігі табысталды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін алғаш Құрлық әскерлерінің оқу орталығында «механик-жүргізуші» және «көздеуші-оператор» мамандықтары бойынша келісімшарт негізінде білім алған әскери қызметкерлерге куәліктер тапсырылды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Келісімшарт бойынша 300 әскери қызметші үш ай бойына қару-жарақ пен техниканы пайдалануға машықтанды. Әскери қызметшілерге сабақ дайындықтың арнайы бағдарламасы бойынша жүргізілді. Оларға білім беретін оқытушылар құрамы тәжірибелі офицерлер арасынан іріктеліп алынды.
Қарулы Күштердің кәсіби негізге көшу үдерісі келісімшарт бойынша әскери қызметшілерден жоғары дайындық деңгейін талап етеді. Мамандардың бұл категориясы әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігіне негізгі әсер ететін буын болып табылады.
Бітірушілер сертификаттар мен сыныптық маман куәліктерін алды. Оқу озаттарына грамоталар мен сыйлықтар табысталды.