300 жуық отбасы Түркістаннан Теріскейге қоныс аударды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысының «Қандастар мен қоныс аударушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру орталығының» жетекшісі Әнуар Тоқпан мен «Тәуекел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бурахан Дақанов қатысуымен Түркістан халқымен кездесу өтті.

Оңтүстіктен солтүстікке көшіру
Фото: Түркістан еңбек мобильді орталығы

Оңтүстіктен Солтүстікке көшу жайы бойынша кездесу Сайрам ауданында өтті. Онда Солтүстік Қазақстан облысынан келген өкілдері кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қандастар және қоныс аударушыларға ақпараттық-түсіндіру орталығының директоры Әнуар Тоқпан мемлекет тарапынан көрсетілетін материалдық көмек пен қолдаулар жайлы мәлімет берді.

Оңтүстіктен солтүстікке көшіру
Фото: Түркістан еңбек мобильді орталығы

Бос жұмыс орындары, тұрғын үй мәселесі, көтерме жәрдемақы секілді мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көшуге ниетті азаматтар көкейіндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. 

Жиынға қатысқан қоғам белсендісі, «Тәуекел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бурахан Дақанов теріскейдің климаты, топырағы ауыл шаруашылығы, орман-тоғайы мал ұстау үшін тиімді екендігін түсіндірді. 

Оңтүстіктен солтүстікке көшіру
Фото: Түркістан еңбек мобильді орталығы

Спикерлер қойылған сұрақтарға жауап беріп, оңтүстік жұртын жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге көшуге шақырды. Солтүстіктен келген өкілдер Ордабасы ауданының тұрғындарымен де кездесті.

Бұл шараның мақсаты — қоныс аудару үдерісіне қатысқысы келетін азаматтарға қажетті ақпаратты жеткізу, көші-қонға байланысты сұрақтарға жауап беру және өңіраралық қоныс аудару мүмкіндіктерін түсіндіру.

Оңтүстіктен солтүстікке көшіру
Фото: Түркістан еңбек мобильді орталығы

Кездесу барысында қандастар және қоныс аударушыларға ақпараттық-түсіндіру орталығының директоры Әнуар Тоқпан тұрғындарға өңіраралық қоныс аударудың артықшылықтары, оның ішінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, тұрғын үй мәселелерін шешу және әлеуметтік қолдаулар алуға мүмкіндік барысы бойынша кең көлемді мәлімет берді. 

Қоғам белсендісі, «Тәуекел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бурахан Дақанов теріскейдің климатын және ауыл шаруашылығы үшін тиімді тұстары бойынша айтып өтті. Сонымен қатар «Өңіраралық қоныс аудару» бағдарламасы халыққа үлкен қолдау көрсетіп, жаңа аймақтарға бейімделуіне жағдай жасайтындығын жеткізді. 

Теріскейден келген өкілдер тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, Оңтүстік жұртын Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға шақырды.

Солтүстік Қазастан облысынан келген көші-қон тобы Арыс қаласы тұрғындарымен де кездесті.
Кездесуге келген Арыс қаласы тұрғындарының қойған сауалдары тұрақты жұмыс орындары, тұрғын үй, инфрақұрылым бағытында болды.

Қандастар және қоныс аударушыларға ақпараттық-түсіндіру орталығының директоры Әнуар Тоқпан, қоғам белсендісі, «Тәуекел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бурахан Дақанов қойылған сұрақтарға жауап беріп, оңтүстік жұртын жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге көшуге шақырды.

«Солтүстікке көш» насихат тобы Түркістан қаласының тұрғындарымен де кездесті.

Шара барасында еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға ниетті оңтүстік тұрғындарына қажетті ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар өңіраралық қоныс аударудың артықшылықтары, оның ішінде тұрғын үй мен әлеуметтік қолдаулар алудың мүмкіндіктері түсіндірілді.

Айта кетейік, биылғы жылдың он айында Түркістан облысынан 288 отбасыдан 1 116 адам теріскейге қоныс аударған. Нақты көрсетсек, Шығыс Қазақстан облысына — 18 отбасы (71 адам), Қостанай облысына — 18 отбасы (71 адам), Павлодар облысына 127 отбасы (592 адам), Солтүстік Қазақстан облысы — 110 отбасы (318 адам), Қарағанды облысына 2 отбасы (11 адам), Абай облысына 8 отбасы (23 адам), Ұлытау облысына 5 отбасы (30 адам). Жалпы еліміз бойынша 3 494 қоныс аударғандардың 32%-ы Түркістан облысының үлесінде. Олардың ішінде еңбекке жарамды 538 адамның 304-і жұмысқа орналасқан.

Жалпы, 2015 жылдан бері жұмыс күші аз солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтарынан азаматтарды көшіру жұмыстары нәтижесінде, облысымыздан 2015 жылдан бүгінге дейін 14 874 адам немесе 3 358 отбасы қоныс аударған.

Соңғы жаңалықтар