307 жыл бұрын жоғалған «Сан-Хосе» кемесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбия жағалауында осыдан 3 ғасыр бұрын суға батып кеткен испаниялық «Сан-Хосе» әскери кемесі табылды.
None
None

Оның ішінде үлкен көлемде алтын мен күміс және өзге де асыл тастар болған, деп жазады «Хабар». Бағалы байлық Америка мен Куба іздеушілерін тіпті араздастырып та қойған еді. Суға батқан асыл тастар бірнеше миллиард долларды құрауы мүмкін. Кеме қалдықтарының табылуы мен зерттелуін ел президентінің өзі тікелей бақылауға алған. Алайда қазынаға қатысты нақты ақпарат жоқ.

«Осыдан 307 жыл бұрын жоғалған «Сан-Хосе» кемесінің табылғанына қуаныштымын. Су көлігі Кариб теңізінің бізге тиесілі бөлігінен шықты. Бұл адамзат тарихында су астынан табылған ең үлкен табыс болып саналады. Тарихи дүниені сақтау үшін жүргізілетін зерттеу жұмыстарының барлығы мемлекет бақылауында болады», - дейді Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос.

Соңғы жаңалықтар