«31 арна» көрермендерге жаңа телемаусымын ұсынады

«31 арна» жаңа маусымда көрермендеріне 6-шы қыркүйектен бастап «Теңге BOX», «Талант ШОУ» бағдарламаларын ұсынып келеді. Интеллектуалдық және көңілашар бағдарламалар дүйсенбі-жұма күндері аралығында аптасына 5 рет эфирге шығуда.
31-ші телеарнаның Бас директоры Нұржан Жалауқызының айтуынша, әзіл-сықақтық, ақпараттық басқа бағдарламалар да жаңа маусымды жаңа ізденіспен бастап отыр. Оның айтуынша, «Әзіл-студио» жобасының көрсетілім үлесі (12,2 %) арнаның орташа үлесінен де (11,9 %) асып түседі.
«Информбюро» тілшілері де «37 керемет», «Сау болыңыз!», «Түнгі Алматы сырлары» секілді қызықты айдырларды тұрақты түрде жүргізіп отыратын болады. Сонымен бірге, бұрыннан көрсетіліп келе жатқан орыс, түрік, корей сериялдары бұдан әрі жалғаса береді.