31 қаңтар. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 31 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады

57 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Бариұлы ИМАНБАЕВ дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек жолы: 1992-1993 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі ТМД департаментінің көмекшісі, 1993-1995 жылдары Ақмола облысы әкімі аппаратының қызметкері, 1995-1997 жылдары Ақмола облысының сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы, 1997-1998 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Астанадағы консулдық кеңсесінің бастығы, 1998-2000 жылдары Мемлекеттік хаттама департаментінің бірінші хатшысы, министрдің кеңесшісі, ҚР Сыртқы істер министрлігі ТМД істері комитетінің бөлім бастығы болып қызмет атқарды. 2000-2004 жылдары Литвадағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, 2004-2005 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық департаментінің директоры, 2005-2008 жылдары Германиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі, 2009-2011 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, 2011-2014 жылдары Германиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі, 2014-2017 жылдары Ресейдегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі-министрі, 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулы, 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2019-2021 жылдары Бруней-Даруссаламдағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметіне 2021 жылғы ақпанда тағайындалды.
54 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Ахметұлы ТҰРСЫНБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық екі мәрте Қызыл Ту училищесін, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Әр жылдары ҚР Республикалық ұланы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында қызмет еткен. 2020-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті департаментінің басшысы болып жұмыс істеді. 2021-2022 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасының бөлім бастығы, 2022-2024 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды. 2024 жылы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы болды.
Қазіргі лауазымын 2024 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.
46 жыл бұрын (1979) режиссер, сценарист, продюсер Төлеген БАЙТҮКЕНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің орыс филологиясы факультетін бітірген.
Еңбек жолы: 2011 жылы «Время» газетінің киношолушысы. Фильмдегі дебюті — «Супербаха». 2020 жылы «Сары мысық» фильмінің режиссері және продюсері, 2019 жылы «Қара, қара адам», 2018 жылы «Саташ» фильмдерін түсірді.
44 жыл бұрын (1981) «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Болатұлы ЖУВАШЕВ дүниеге келді.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2002-2009 жылдары Алматы қаласы бойынша «АТФ Банк» АҚ Несиелеу департаментінің маманы, жетекші маманы, бас маманы, несиелік сарапшысы, бөлім бастығы, 2009-2011 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ Несиелеу және лизинг басқармасының бастығы, 2011-2015 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2015-2018 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарушы директоры — Басқарма мүшесі, «КаАгро Холдинг» АҚ басқарушы директоры, 2018-2020 жылдары «КаАгро Холдингі» АҚ басқарма мүшесі, 2020-2021 жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, 2021-2022 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі болды.
2022 жылдың тамызайынан бері қазіргі қызметінде.
42 жыл бұрын (1983) Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Абзал Ғылымұлы ҒЫЛЫМ дүниеге келді.

Костанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Ақтөбе заң колледжі, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2005-2006 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокуратурасының Қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бөлімі прокурорының көмекшісі, 2006 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокуратурасының тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімі прокурорының көмекшісі, 2006-2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокуратурасының тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімі қалалық прокурорының аға көмекшісі, 2007-2009 жылдары Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының Ішкі істер органдарында тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, 20096 жылы Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, 2009-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокурорының орынбасары болып жқмыс атқарған. 2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуроры, 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокурорының орынбасары, 2013-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, 2015-2016 жылдары Астана қаласы прокуратурасының Қылмыстық процесінің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі лауазымын атқарған. 2016 жылы ҚР Бас прокуратурасының Қылмыстық процесінің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау Департаменті Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, 2016-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық процесінің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаменті сотқа дейінгі іс жүргізудің жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры, 2017 жылы ҚР Бас прокуратурасының Қылмыстық процесінің сотқа дейінгі кезеңінің заңдылығын қадағалау департаментінің сотқа дейінгі кезең проблемаларын талдау бөлімінің бастығы, 2017 жылы ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау департаменті бақылау-әдістемелік басқармасы Бас прокурорының көмекшісі (бірінші қызмет), 2017-2019 жылдары ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің ішкі істер органдарының істері жөніндегі қылмыстық қудалау басқармасының бастығы, 2019-2023 жылдары Атырау облысы прокурорының орынбасары болып қызмет атқарған.
Қазіргі қызмете 2023 жылдың наурыз айында кірісті.
39 жыл бұрын (1986) — Павлодар облысы прокурорының орынбасары Бауыржан Ақылбекұлы ЕРТАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған.
Еңбек жолы: 2006-2020 жылдары Алматы қаласының прокуратурасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2018-2020 жылдары Алатау облысының прокуроры, 2020-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры.
2023 жылдың қыркүйегінен бері қазіргі қызметінде.
27 жыл бұрын (1998) қазақ кәсіпқой боксшысы Садриддин Әлиханұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Түркістан облысында туған.
2016 жылдың қараша айында Санкт-Петербургте (Ресей) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында финалда украин Павел Гуланы жеңіп, чемпион атанды. Сол жеңісінен кейін Қазақстанның ең үздік жас боксшысы деп танылды. 19 жастағы боксшы Қазақстанның ересектер құрамасына шақырылып, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен және 2017 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері Аблайхан Жүсіповпен күш сынаса бастады. 2017 жылдың сәуір айында Бангкок қаласында (Таиланд) өткен беделді Король кубогын жеңіп алды. 2017 жылдың маусым айында Астанада өткен Қазақстан Президентінің Кубогын жеңіп алды.
Ол кәсіпқой рингтегі дебютін 2018 жылы 7 сәуірде Videotron орталығында (Квебек, Канада) өткізіп, мексикалық Тони Баррерасты нокаутқа түсірді. Ол 13 жекпе-жек өткізіп, 13 жеңіске жетті, оның 11-ін нокаутпен жеңді.
77 жыл бұрын (1948-2008) жазушы-драматург, аудармашы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Қырғызстан Республикасы Т. Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығының лауреаты Баққожа МҰҚАЙ дүниеге келген.

Алматы облысында Райымбек ауданы Нарынқол ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын Кеген аудандық «Коммунизм нұры» газетінен бастаған. 1970-1988 жылдары «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген.
1990-1995 жылдары Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық алқасында бас редактор, бас басқарма бастығы болған.
Жазушының «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары, «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» атты кітаптары жарық көрген. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған.
Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан. Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған. Бірқатар жазушының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Бірнеше медальмен марапатталған.