31 қаңтарда Астана мен Алматы қалаларында өтетін шаралар
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 31 қаңтар күні Астана мен Алматы қалаларында өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.
АСТАНА
Сағат 9:30-да Best Western Plus Astana конференция залында еліміздің Қаржы министрлігінің бюджеттердің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары туралы қоғамды ақпараттандыруға арналған баспасөз мәслихаты өз жұмысын бастайды.
Ал 10:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.
11:00-де еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ақордада Словакия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі П.Юзаны қабылдайды.
Дәл осы уақытта Эталон орталығында Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінің қатысумен одандық өндірушілерге қолдау көрсету мәселелеріне арналған отырыс жұмысын бастайды.
Сонымен қатар дәл осы сәтте Алик Шпекбаевтың төрағалығымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысы басталады.
Сағат 11:00-де Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бакқожа Мұқайдың 70 жылдық мерейтойына арналған шара өтеді.
Ал осы аралықта ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында Қазақстан Президентінің ағымдағы жылы ел халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы басталады.
Араға бір сағат уақыт салып «Үкімет үйіне» келген АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, «АХҚО Әкімшілігі» АҚ» басқармасы төрағасының орынбасары марат Әйтенов, АХҚО биржасы басқармасы басқармасының орынбасары Әмина Тұрғылова, сонымен қатар «АХҚО Әкімшілігі» АҚ цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жиенбаева БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз мәслихатын өткізеді.
Сағат 15-00-де Назарбаев Университетінде Мәжіліс депутаттары жоғары білім беруді дамытудың келешегін талқыға салады.
Ал осы уақытта Сенаттың Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы өз жұмысын бастайды. Онда сенаторлар Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметтері арасында қосарланған салықты болдырмау және салық салудан жалтарудың алдын алу мәселелері көзделген хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын талқылайды.
Ал кешкі сағат 19:00-де «Астана» концерт залында Қытайдың көктем мерекесіне арналған дәстүрлі жаңажылдық концерт болады.
АЛМАТЫ
Сағат 11-00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Алматы қаласының ЖОО-лар арасында «рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел жұмысын бастайды. Оған қаладағы 38 жоғары оқу орнының өкілі қатысады.
Ал 11:00-де ҚР БҒМ Ғылым комитетіне қарасты Экономика институтында ҚР Президентінің биылғы Жолдауын талқылауға арналған «Қазақстанның технологиялық дамуы мен экономикасының мегатрендтері» тақырыбында «дөңгелек үстел» болады.
Сонымен қатар осы уақытта «Арман» кинотеатрында режиссер Бекарыс Елубайдың «Оазис» фильмінің баспасөз өкілдеріне арналған көрсетілімі өтеді. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Asau Art Films» ЖШС-інің қатысумен түсірген.