31 қазан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 31 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.
31 қазан. ЖҰМА
Үнемдеудің халықаралық күні. 1988 жылғы қазанның 27-сінде 29 елдің жинақ кассаларының өкілдері Миланда өздерінің бірінші халықаралық арнайы конгрестеріне жиналды. Конгресс жұмысының соңғы күні - қазанның 31-інде «барлық елдердегі жинақ банктік институттардың бірінші құрылтайын есте қалдыру» идеясы өмірге келіп, бұл күнді «Халықаралық үнем күні» (International Saving Day) ретінде жыл сайын атап өтуге шешім қабылданды. Алайда құрылтайшылардың пиғылынша, бұл күні тек ақшаны үнемдеп қана қоймай, үнемді кең мағынасында: уақыт үнемдеуге, заттарға ұқыпты қару, т.б. мәселелерге қолдануға арнау қажет. 1989 жылы БҰҰ нұсқау қабылдап, онда қазанның 31-ін Халықаралық үнем күні етіп бекітті.
Эквадордың ұлттық туы күні. Эквадордың көлденең сары, көк және қызыл түсті белдеулі туы 1860 жылғы 26 қыркүйекте қабылданған. Эквадорлық тудың сары түсі күн сәулесін, жердің байлығын, бидай мен жүгері алқабын, елдің дәулеттілігін бейнелесе; көк түс - аспанның, өзендер мен Тынық мұхитты; қызылы - бостандық үшін күрестегі патриоттардың төгілген қанын бейнелейді.
Қара теңіздің халықаралық күні. 1996 жылы қара теңіз жанындағы алты ел - Болгария, Румыния, Түркия, Грузия, Ресей және Украина Қара теңізді қорғауға және сауықтыруға стратегиялық әрекет жоспарына қолдарын қойды. Бұл жоспар теңіз жағдайы жан-жақты зерттеліп, соңғы үш он жылдықпен салыстырғанда теңіз ортасының өмір сүру маңыздылығы төмендегені анықталған соң жасалып шығарды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
143 жыл бұрын (1871) Біржан мен Сара арасындағы айтыс өтті. 9 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанында Ғарыш жөніндегі кеңес құрылды. 9 жыл бұрын (2005) Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауылында жаңа мешіт ашылды. 7 жыл бұрын (2007) Павлодар облысының Жертұмсық ауылында кезінде Ұлы Отан соғысының майдан даласынан оралмай қалған жауынгерлерге арналған Даңқ обелискі тұрғызылды. Стеллада - Отан үшін өмірін қиған 40 жерлес-жауынгердің есімдері қашап жазылған. 7 жыл бұрын (2007) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Основы имиджелогии на примере Первого Президента Республики Казахстан» атты кітабының таныстырылымы болды. Бұл белгілі жинақтың екінші баспасы, онда ғалымдардың, белгілі саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлерінің мақалалары жиналған.
3 жыл бұрын (2011) Қазақ әдебиетінің белгілі классигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Тарази, дарынды жас жазушы Асқар Алтай, драматург, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Роза Мұқанова әлем әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Франц Кафки медалі мен арнайы диплом алды. 2 жыл бұрын (2012) Өскеменнің Согра кентінде күн батареясына арналған фотоэлектрлік үлгі өндіретін зауыт салына бастады. 2 жыл бұрын (2012) Қазақстанда Корей Республикасының Президенті Ли Мен Бактың «Чудес не бывает!» («Өмірде ғажайып нәрсе өз-өзінен бола салмайды!» деген кітабы қазақ тілінде жарық көрді. Аударма авторы - жазушы-публицист, халықаралық қазақстандық-кубалық достық қоғамының вице-президенті, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Бақытқожа Рүстемов. 30 жыл бұрын (1984) Үндістанның премьер-министрі Индира Гандиді өз қорғаушылар өлтірді. 3 жыл бұрын (2011) Жер бетінде жеті миллиардыншы тұрғын дүниеге келді. Бұл деректер БҰҰ халық қорының есебіне сәйкес алынды.
ЕСІМДЕР
76 жыл бұрын (1938) режиссер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, профессор АНДРИАСЯН Рубен Суренович дүниеге келді. Ереван университетін, Ереван театр-көркемөнер институтын бітірген. Қостанай облыстық орыс драма театрының, Қызылорда облыстық қазақ драма театрының, Қазақ балалар мен жасөспірімдер театры орыс бөлімшесінің режиссері болып еңбек еткен. М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі болған. Ол театр сахнасына көптеген қойылымдарды шығарып, өзіндік режиссерлік қолтаңбасын танытты. «Еңбек Қызыл Ту», «Достық» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 70 жыл бұрын (1944) Ресейдің еңбек сіңірген әртісі РЯЗАНОВА Раиса Ивановна дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында туған. Рязан музыкалық-педагогикалық училищесін, А.В.Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтын бітірген. Музыкалық мектеп оқытушысы қызметін атқарған. 1979 жылдан - М.Горький атындағы киностудиясының актрисасы. «Москва слезам не верит», «И все-таки я люблю...», «Не родись красивой», «Две сестры», «Next 3», «Ангел-хранитель», «Монтекристо», «Всегда говори «всегда» атты киноларында ойнаған. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 66 жыл бұрын (1948) кескіндемеші, мүсінші, декоративтік-қолданбалы өнер суретшісі, Қарағанды қ. Суретшілер одағының суретшісі ҚАЛҚАБАЕВ Мұрат Әбдіраманұлы дүниеге келді. Шымкент облысында туылды. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем училищесі (1970); Львовск мемлекеттік қолданбалы және декоративтік өнер институты (1975). Жұмыс жанры - киіз, кілем тоқымасы, декоративтік, монументалдық пластика. Автор - «Қобыз» монументінің авторы (бірлескен авторлық, 2003), «Қазақстан жерінде қуғын-сүргін жылдары қаза болғандар» (бірлескен авторлық, 2004), «Сталиндік қуғын-сүргін жылдары қаза тапқан ресейліктерге естелік белгі» (2004), «Қаза тапқан шахтерлерге» ескеркіші бірлескен авторлық, 2006). ҚР Суретшілер академиясының академигі. 1976 жылдан бастап бүкілодақтық, халықаралық, шетел, республикалық, облыстық көрмелерге қатысқан. 57 жыл бұрын (1957) Қазақ мемлекеттік академиялық Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері РАҚЫШЕВ Сәкен Мамытқанұлы туды. Алматы облысында туылған. Алматы мемлекеттік театр-көркем университетін бітірген, театр, кино әртісі. Қойылымдары: «Ақан Сері - Ақтоқты» Ғ. Мүсірепов (Мұрат), «Қазақша күрес» С. Балғабаева (Молдыбай), «Адам аласы ішінде» А. Островского (Кургаев), «Жас Абай» М. Әуезов (Сүйіндік), «Заман ақыр» Б. Мұқай (Достан), «Алма бағы» Т. Теменова (Сәкен), «Құдалық» Б. Әлімжанов (Дөкей) және т.б. «Еңбек сіңіргені үшін» медалімен марапатталған.
382 жыл бұрын (1632-1675) голландтық кескіндемеші ВЕРМЕЕР Ян (толық аты-жөні - Ян ван дер Меер ван Делфт) дүниеге келді. 119 жыл бұрын (1895-1970) ағылшын әскери тарихшысы және теоретигі ЛИДДЕЛ Гарт (Бэзил Генри) дүниеге келді. 92 жыл бұрын (1922-198) кеңестік театр және кино актері, КСРО халық әртісі ПАПАНОВ Анатолий Дмитриевич дүниеге келді. 92 жыл бұрын (1922-2012) Камбоджаның (1976 жылдан кейнгі елдің атауы - Кампучия) королі, премьер-министрі және президенті Сианук НОРОДОМ дүниеге келді.
50 жыл бұрын (1964) оңтүстікосетиялық саяси қайраткер, әлемдік қоғамдастық мойындамаған Оңтүстік Осетияың президенті КОКОЙТЫ Эдуард Джабеевич дүниеге келді.