31 қазан. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 31 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы
1970 жылы Алматы қаласында туған. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдаған, (механик). 2013 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, (экономика магистрі), 2015 жылы Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебін (Басқарушы кадрлар үшін іскерлік әкімшілендіру магистрі), 2016 жылы Стэнфорд Университеті, Жоғары бизнес мектебін (Басқарушы кадрлар бағдарламасы) бітірді. Экономика ғылымының кандидаты.
Еңбек жолы: 1992-1997 жылдары «ТаССаТ» ЖШС директоры, 1997-2001 жылдары «Қазтрансойл» ЖАҚ Жобаларды басқару департаментінің бастығы, 2001-2006 жылдары «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті, 2006-2007 жылдары «Самұрық» АҚ электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болып қызмет атқарған. 2007 жылы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің вице-министрі, 2007-2011 жылдары «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы, 2011-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры, 2012-2018 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы, 2018 жылы «KAZENERGY» ЗТБ төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 2018-2021 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметінде. 2021-2023 жылдары АҚ «Самұрық-Қазына» басқармасының төрағасы лауазымын атқарған.
2025 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Kazenergy қауымдастығына 10 жыл» медальдарымен марапатталған. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
Мәлік МЫРЗАЛИН, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
1971 жылы Ақтөбе қаласында туған. 1996 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, 2000 жылы РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында аға дипломаттарға арналған халықаралық курстарын, 2006 жылы АҚШ-тағы Йель университетінің басқару мектебін (халықаралық қатынастар бойынша маман) бітірді.
Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Орталық және жергiлiктi органдарда жұмыс iстеу тәжiрибесi бар. 1995-2004 жылдары ҚР СIМ жүйесiнде iстеген. 2004-2006 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы болды. 2006-2007 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары, 2007-2008 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары лауазымдарын атқарды. 2008-2009 жылдары «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2010 жылы «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ президентiнiң кеңесшiсi болып iстедi. 2010-2011 жылдары ҚР Президентi Iс басқармасы аппаратының басшысы лауазымын атқарды. 2011-2013 жылдары ҚР Дiн iстерi агенттiгiнiң жауапты хатшысы болды. 2013-2017 жылдары ҚР Президентi Iс басқарушысының орынбасары, кейiн 2017 жылғы қаңтарда ҚР Президентi Iс басқарушысының бiрiншi орынбасары лауазымын атқарған. 2017-2019 жылдары Ақмола облысының әкiмi болған. 2019-2022 жылдары ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары. ҚР Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2022-2026).
2026 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденiмен, «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен наградталған. ҚР Құрметті спорт қайраткері.
Давид ЛОРИЯ, қазақстандық футболшы, «Жеңіс» футбол клубының бас директоры
1981 жылы Ақмола қаласында дүниеге келген. Ол Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен (2002), Алматыдағы Абай университетін білім беру магистрі дәрежесімен (2010), Лимож университетін (Франция) және Лондондағы Бирбек университетін (Ұлыбритания), UEFA MIP және УЕФА академиясында спорт менеджменті мамандығы бойынша магистр дәрежесін (2022) алған.
Еңбек жолы: Жеңіс, Астана, Шахтер, Ертіс, Қайрат, Ордабасы, Окжетпес, ХБК Халмстад (Швеция), Спартак-Нальчик (Ресей), Кайкур Ризеспор және Карсияка С. К. (Түркия) футбол клубтарында кәсіби футболшы (1997-2019); Қызылжар футбол клубы президентінің кеңесшісі (2019-2020); «Астана» ФК атқарушы директоры (2020-2021); «Астана» ФК бас директоры (2021); «Супер Бол» жобасының бас менеджері (2022); Астана футбол федерациясының президенті (2020-2025); VIII шақырылымдағы Астана қалалық мәслихатының депутаты (2023); «Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығы» заңды тұлғалар қауымдастығының вице-президенті (2025); «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас хатшысы.
2026 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2024).
Нұрдәулет ТӨЛЕЕВ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы
1984 жылы туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Заңгер.
Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы «ТопЮрАудит КазГЮУ» ЖШС-де юрисконсульт болып бастады. 2005-2007 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты, одан кейін ҚР Заңнама институтының ғылыми қызметкері, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты қызметтерін атқарды. 2008 жылдың қарашасынан бастап ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеп келеді: Әкімшілік басшысының хатшылығында консультант, ҚР Президенті Кеңсесінің инспекторы, сектор меңгерушісі болды.
2025 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2016) және 4 мерекелік медальмен марапатталған.
Имаммахмұт ШАҒЫРБАЕВ, «Әділет» партиясының Маңғыстау облыстың филиалының басшысы
1988 жылы Маңғыстау облысында туған. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін экономика, әлеуметтік жұмыс және құрылыс мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Ақтау қаласы әкімі аппаратында хатшы (2010-2011); Ақтау қаласы әкімі аппаратында ұйымдастырушылық бақылау бөлімінің бас маманы (2011-2013); Маңғыстау облысы Кәсіпкерлік және сауда департаментінің инвестициялық және инновациялық саясат бөлімінде инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі бас маман (2013); «Амиран» ЖШС директорының орынбасары (2013-2018); Маңғыстау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы департаментінің сәулет және қала құрылысы кадастры бөлімінің бастығы (2018-2019); Маңғыстау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы департаменті бастығының орынбасары (2019-2021); Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Тұрғын үй құрылысы және жаңа құрылыстарға арналған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту департаментінің бас сарапшысы (2021-2022); Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары (2022); Ақтау қаласы әкімінің орынбасары (2022-2026).
Динара СӘДУАҚАСОВА, қазақстандық шахматшы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер, 14, 17, 18 және 20 жасқа дейінгі жалғыз төрт дүркін әлем чемпионы
1996 жылы Ақмола қаласында туған. Шахмат ойнауды бес жасынан үйренген. 2012 жылы 16 жасында Қазақстанның әйелдер арасындағы ең жас гроссмейстері атанған.
Халықаралық гроссмейстер әл-Аинде (БАӘ) өткен Азияның шахмат саммитінде 2017 жылғы ең үздік шахматшы атанды. Asian Chess Excellence Awards сыйлығын иеленді. Қыздар арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы. Ол — ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ерікті елшісі болып сайланған тұңғыш қазақ қызы.
Динара жыл сайын шахматтың қыр-сырын үйрету, жастарды кәсіби шыңдау мақсатында «Гроссмейстер Динара Сәдуақасова кубогы» атты шахмат турнирін өткізіп тұрады. 2014 жылы «Шахматтың алғашқы қадамдары» атты кітабын стипендиясына шығарған. Осы кітаппен 2016 жылдан бері қазақстандық оқушылар шахмат үйренеді.
«Құрмет» орденімен (2006), «Үміт» қоғамдық орденімен (2017); «Дарын» мемлекеттік сыйлығымен (2017) марапатталған. 2017 жылғы 23 желтоқсанда БАӘ-де 4-ші жыл сайынғы «Asian Chess Excellence Awards» марапаттау рәсімінде қазақстандық гроссмейстер Д. Сәдуақасова «2017 жылдың үздік әйел ойыншысы» деп жарияланды.