31 қазан. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 25 қазанға арналған «Тұлғалар туған күн» күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдаған, механик, математик. Экономика ғылымының кандидаты. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
1992 жылғы тамыздан – «ТаССат» ЖШС директоры. 1997 жылғы қыркүйектен – «ҚазТрансОйл» ҰМТК» АҚ менеджері, клиринг департаментінің басшысы, жобаларды басқару жөніндегі департамент басшысы. 1998 жылғы тамыздан – «ҚазТрансОйл» ҰМТК» АҚ басқарушы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті. 2001 жылғы қаңтардан – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті. 2003 жылғы қарашадан – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті. 2006 жылғы мамырдан – «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ-ның «КЕGOC» АҚ бойынша топтың басқарушы-директоры. 2006 жылғы желтоқсаннан – «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ электроэнергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры. 2007 жылғы қаңтардан – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары. 2007 жылғы қыркүйектен – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ президенті. 2008 жылғы қазан айынан бастап – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ-ның бірінші вице-президенті. 2009 жылғы желтоқсаннан – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ-ның Басқарма Төрағасы. 2011 жылғы маусымнан – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарушы директоры. 2012-2018 ж.ж. – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы. 2018-2021 ж.ж. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ активтерін басқару дирекциясының басшысы - басқарушы директоры, «KEGOC» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2021 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

Мәскеу мемлекеттiк халықаралық қатынастар институтын бiтiрген. Саяси ғылымдар кандидаты.
Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Орталық және жергiлiктi органдарда жұмыс iстеу тәжiрибесi бар.
1995 жылдың қазанынан 2004 жылдың қаңтарына дейiн ҚР СIМ жүйесiнде iстеген. 2004 жылдың қаңтары 2006 жылдың сәуiрi аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы болды. 2006 жылдың сәуiрінен бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары, 2007 жылдың наурызынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары лауазымдарын атқарды. 2008 жылдың қарашасынан 2009 жылдың желтоқсанына дейiн «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2010 жылдың сәуiр-мамыр айларында «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ президентiнiң кеңесшiсi болып iстедi. 2010 жылдың мамырынан 2011 жылдың тамызына дейiн Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы аппаратының басшысы лауазымын атқарды. 2011 жылдың тамызынан бастап 2013 жылдың шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң жауапты хатшысы болды. 2013 жылы шiлдеде Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқарушысының орынбасары, кейiн 2017 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқарушысының бiрiншi орынбасары болып тағайындалды. 2017 жылдың наурызынан берi Ақмола облысының әкiмi болған.
2019 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденiмен, «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен наградталған.

Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Заңгер.
Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы «ТопЮрАудит КазГЮУ» ЖШС-де юрисконсульт болып бастады. 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты, одан кейін Қазақстан Республикасы Заңнама институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты қызметтерін атқарды. 2008 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеп келеді: Әкімшілік басшысының хатшылығында консультант, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің инспекторы, сектор меңгерушісі болды. 2019 жылғы шілдеде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
2019 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2016) және 4 мерекелік медальмен марапатталған.

Ақмола қаласында туған. Ол шахмат ойнауды бес жасынан үйренген. 2012 жылы 16 жасында Қазақстанның әйелдер арасындағы ең жас гроссмейстрі атанған.
Халықаралық гроссмейстер әл-Аинде (БАӘ) өткен Азияның шахмат саммитінде 2017 жылғы ең үздік шахматшы атанды. Asian Chess Excellence Awards сыйлығын иеленді. Қыздар арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы. Ол – ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ерікті елшісі болып сайланған тұңғыш қазақ қызы.
Динара жыл сайын шахматтың қыр-сырын үйрету, жастарды кәсіби шыңдау мақсатында «Гроссмейстер Динара Сәдуақасова кубогі» атты шахмат турнирін өткізіп тұрады. 2014 жылы «Шахматтың алғашқы қадамдары» атты кітабын стипендиясына шығарған. Осы кітаппен 2016 жылдан бері қазақстандық оқушылар шахмат үйренеді.
«Құрмет» орденінің иегері.