31 мамыр. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 31 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандар назарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Туған күн
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

БИЖАНОВ Кайрат Жакиянович 
Фото: inbusiness.kz

55 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Жақияұлы БИЖАНОВ дүниеге келді.

Қостанай облысында дүниеге келген. 1995 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын агрономия мамандығы бойынша, 1999 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1994-2001 жылдары Қостанай облысы бойынша салық полициясында инспектор және басшылық лауазымдардағы қызмет атқарды. 2001-2005 жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігінің Қостанай облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінде, 2005-2014 жылдары Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінде басшылық лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары Қазақстан Халық банкі АҚ қауіпсіздік жөніндегі өңірлік менеджері, 2017-2018 жылдары ҚР Бас прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, 2018-2019 жылдары ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті соттарында ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінде басшылық лауазымдарында жұмыс істеген. 2019-2021 жылдары ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы, 2021-2024 жылдары ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметінде болды.

Қазіргі лауазымын 2024 жылғы ақпан айынан бері атқарып жатыр.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, қаржы полициясы органдарының «Мінсіз қызметі үшін» І,ІІ,ІІІ дәрежелі медальдарімен марапатталған.

 ХУСАИНОВ Олжас Сагындыкович 
Фото: ҚР ҚМ

43 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Сағындықұлы ҚҰСАЙЫНОВ дүниеге келді.

Көкшетау қаласында туған. 2002 жылы Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесін бітірген.

Еңбек жолы: 1998-2002 жылдары Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесінің курсанты болды. 2002-2005 жылдары ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінде қызмет өткерген. 2005-2007 жылдары ҚР Қарулы Күштері Халықаралық бағдарламалар Бас басқармасының бөлім офицері, 2007-2011 жылдары ҚР Қарулы Күштері Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері, 2011-2015 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы, 2015-2017 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарма бастығы, 2017-2019 жылдары ҚР ҚМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары-басқарма бастығы қызметін атқарған.

Қазіргі лауазымын 2019 жылдың ақпан айынан бастап атқарып келеді.

II дәрежелі "Айбын" орденімен, "Халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен, сондай-ақ III, II және I дәрежелі «Мінсіз қызметі» үшін медальдарімен марапатталды.