31 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 31 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

8.40-та Жасыл белдеуде «Орман-дала өрттерін сөндіру» өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі.

9.00-де Халықаралық әуежайда Польшада халықаралық байқауда бірінші орын алған «Астана Опера» хорының әртістерін қарсы алу рәсімі өтеді.

10.00-де Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді.

11.00-де Достық үйінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» дөңгелек үстелі өтеді.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Зейнеткерлерді әлеуметтік қызмет көрсету шараларымен қамтамасыз ету» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ директоры Мұхтар Еркетаев. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында ҚР СІМ ғимаратында кездесу өтеді.

12.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасындағы медициналық көмекті ұйымдастыру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Юрьевич Дудник. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның ШЫҰ-дағы ынтымақтастығы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Тумыш Қанат Қобыландыұлы; ШЫҰ қызметі мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші Мұқышев Мұрат Алтынғазыұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.40-та «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжде Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің Басқарушы комитетінің көшпелі отырысы өтеді.

19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Иманжүсіптің әні» концерті өтеді.

19.00-де Astana Opera театрында «Мадам Баттерфляй» операсы қойылады.

19.00-де Номад Сити Холл сахнасында «Алаш жолы» драмасы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар