31 НАУРЫЗ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 31 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.

31 НАУРЫЗ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

31 НАУРЫЗ, ДҮЙСЕНБІ

Әзербайжанда геноцид құрбандарын еске алу күні. Әзербайжан Республикасы бұл күнді 1998 жылдан бастап мемлекеттік деңгейде атап өтеді.

Мальта Республикасының ұлттық мейрамы - Бостандық күні. 160 жыл Британия отары болған Мальта 1979 жылы азаттық алды. Бұл мерекеге орай Мальтада әскери ескерткіш алдында салтанатты рәсім өткізіледі, содан кейін Үлкен айлақта дәстүрлі қайықтар жарысын ұйымдастырады.

Бүгінгі Мальта - демократиялық республика. Астанасы - Валетта, мемлекеттік тілі - мальта тілі, бірақ ағылшын, итальян тілдері де кеңінен қолданылады. Мальта - тарихи, сәулет ескерткіштеріне, діни шіркеулерге бай ел. Табиғаты да тамаша. Ауасы таза. Осыған қызыққан туристер бұл елге ағылып жатады.

Қазақстан Республикасы мен Мальта Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы ақпанның 4-де орнатылды.

Резервтік көшірме жасау (бэкап) күні. Бұл күн қоғамның назарын ақпаратты қорғау мен оны сақтауды қамтамасыз етуге аудару мақсатында белгіленген күн. Резервтік көшірме жасау дегеніміз - қосымша ақпарат тасымалдаушы құралға құжаттың көшірмесін жасау процедурасы. Резервтік көшірменің қажеттілігіне ерекше мән берген Реддит сайтының қолданушылары Бэкап күнін атап өту туралы ұсыныс жасап, бастама көтерді.

Бұлның неліктен 31 наурызға белгіленгенінен тоқтала кетсек, 1 сәуір күні қылжақбастар күлкі күніне орай жіберген вирустары мәліметтерді жойып жібереуі жиі кездеседі. Ал Бэкап күні дәл сол ақпараттарды сақтау керектігін еске салады.

Таиландтағы Нанклао королінің (III Рама) туған күні. 31 наурызда Таиланд халқы 1787 жылы Чакри әудетінің үшінші Сиам монархының туған күнін, яғни Нанклао королінің (III Рама) туған күнін атап өтеді. Оның туған күні 1998 жылдан бері ұлттық мереке ретінде тойлануда. Нанклао королі өте білімді, еуропалық мәдениетке құрметпен қараған адам. Сондай-ақ ел тарихында ол еуропалық әскер мен кеме құрылысына ерекше мән берген басшы ретінде қалған. Бұған қоса, ол талатты кәсіпкер мен жан-жақты дамыған тұлға ретінде белгілі.

АҚШ-тағы Сесар Чавес күні. Елдің көптеген штатында аралып өтілетін, ал Калифорния штатында 2000 жылдан бері ресми мереке мен демалысқа ие болған атаулы күн. Сесар Эстрада Чавес жұмыскерлер мен мигранттардың әлеуметтік құқығы үшін күрескен құқыққорғаушы болған. 1927 жылдың 31 наурызында Аризонада дүниге келген. Құқық қорғау қызметін 1952 жылы бастаған. Қорғаушылық қызметтен бөлек, философия, экономика, құқықтану салаларын игерген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1 9 жыл бұрын (1995) Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік Реабилитациялық банкі» туралы Қаулысы шықты.

1 6 жыл бұрын (1998) Қазақстандағы директ-маркетингтік компаниялардың алғашқыларының бірі «Азия Директ» құрылды.

10 жыл бұрын (2004) «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Ембімұнайгаз» АҚ қосылып, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өңдеу» АҚ-ы құрылды.

9 жыл бұрын (2005) Грузия Президенті Михаил Саакашвилидің Қазақстанға мемлекеттік сапары кезіндегі келіссөздердің нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Олар «Азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы» шарттың хаттамасы және «Лаңкестікке, есірткіге және есірткі заттары мен прекурсорлардың заңсыз айналысына, ұйымдасқан және басқа да қылмыс түрлеріне қарсы» келісімі. Сондай-ақ Ақтау мен Поти айлақтары, Астана мен Тбилиси қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы екі мазмұндамаға қол қойылды.

8 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанынан Қоғамдық сарапшылар палатасы құрылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қоғамдық сарапшылар палатасы құрылған. Сарапшылар палатасы заң шығару үдерісін жетілдіру, азаматтық қоғам институты мен депутаттар арасындағы диалогты одан әрі дамыту, сондай-ақ Парламент қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылып отыр. Палатаның негізгі міндеттері - әлеуметтік саланы жаңғырту мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік- құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасау, әзірленіп, қаралып жатқан заң жобалары бойынша ұсыныстар дайындау.

8 жыл бұрын (2006) Теһранда белгілі Иран жазушысы, ғалым, Орталық Азия бойынша сарапшы, профессор Мұхаммед Хусейн Абединидің «Қазақстанның мәдени келбеті» атты кітабы жарыққа шықты.

Парсы тілінде жарық көрген бұл кітапта Қазақстандағы қазіргі заман мәдениеті, тарих пен салт-дәстүр туралы мәліметтер әр түрлі дерек көздерінен топтастырылған. М. Х. Абедини өзінің бұл шығармасында елімізге ислам діні келгенге дейінгі әңгімелер мен аңыздарды, мұсылмандықтың беку кезеңін, жағрафиялық орналасуын, сондай-ақ, қазіргі уақыттағы саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай мен бар салада бұған дейін жүргізілген реформалардың жүзеге асырылуын жан-жақты талдауға тырысқан.

6 жыл бұрын (2008) Елордалық «Фолиант» баспасы семейлік журналист Дәулет Сейсенұлының «Шәкәрім» кітабын басып шығарды.

Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның Жазушылар одағының мүшесі Мұрат Сұлтанбековтың пікірінше, жаңа шығарманың мазмұны ақын туралы бай материал жинаған автордың үлкен еңбегін паш етеді. Шәкәрім туралы жаңа туындыда ойшылдың бүкіл өмірі мен шығармашылық жолы сөз болады. Кітапта ақынның өмірбаянынан фактілер, Шәкәрімді жақсы білген адамдардың естеліктері келтірілген, белгілі ғалымдардың сұхбаттары берілген.

Дәулет Сейсенұлы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Сарыжал ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіргенен кейін облыстық «Семей таңы» газетінде, «Ақиқат» журналында жұмыс істеген, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болған. Журналист «Жұлдыздар сөнбейді» әңгімелер жинағының және үш деректі кітаптың авторы.

5 жыл бұрын (2009) Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов атындағы ауданында «Қытай-Қазақстан» магистралдық газ құбыры бірлескен жобасы ауқымындағы Қазақстандағы алғашқы КС-4 компрессорлық стансасы құрылысының салтанатты таныстырылымы болды.

Газ құбыры «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясының» қазақстан-қытай бірлескен жобасы. Станса құрылысының ресми ашылуы салтанаты барысында «Қазақстан-Қытай» газ құбыры жобасы, КС-4 компрессор стансасы» деген жазу жазылған мәрмәр тақтайша қойылды.

4 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаске] [«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 2-жоба) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

3 жыл бұрын (2011) Алматы қаласының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмінің түсірілімі басталды. 3 жыл бұрын (2011) Вашингтоның беделді ғимараты «Carnegie Institution for Science» «Kazakh Cinema Evenings» қазақстандық кино фестивалі басталды.

1 жыл бұрын (2013) Өскеменде КIA Quoris көлік шығару зауыты іске қосылды.

125 жыл бұрын (1889) Парижде салтанатты түрде Эйфель мұнарасының ашылу салтанаты өтті. 1889 жылдың 31 наурызында конструктор Густав Эйфель мұнараның басына француздық туды тіліп қойған болатын. Бүгінде ол әлемдегі ең танымал ғимараттың бірі.

118 жыл бұрын (1896) АҚШ-та өнертапқыш Уиткомб Джадсон құлыпты патенттеді.

114 жыл бұрын (1900) америкалық Saturday Evening Post жалпыұлттық газетте алғаш рет автомобильдер туралы жарнама жарияланды.

91 жыл бұрын (1923) Нью-Йорке алғашқы би жарасы өтіп, онда 27 сағат бойы билеген Алма Каммингс жеңімпаз атанды.

48 жыл бұрын (1966) кеңестік мамандар алғаш рет Айдың жасанды серігін ұшырды. Мәскеу уақытымен 13:46:59 кезінде Байқоңыр ғарыш айлағынан молния-М зымыран тасығышы ұшырылып, «Луна-10» планетаралық стансасына қондырылды.

47 жыл бұрын (1967) Францияның НАТО әскери ұйымынан шығу туралы шешімінен кейін ұйымның штаб-пәтері Париждан Белгия астанасы Бюрссельге көшірілді.

21 жыл бұрын 91993) «Ворон» фильмінің финалдық түсрілімі жүргізіліп жатқанда белгілі актер гонконгтық және америкалық актер Брюс Лидің ұлы Брэндон Ли қайтыс болды. Ол 28 жасында өзінің тойына 818 күн қалғанда қайтыс болды.

ЕСІМДЕР

291 жыл бұрын (1723-1766) 1746-1766 жылдардағы Дания мен Норвегияның королі ФРЕДЕРИК V дүниеге келді.

9 9 жыл бұрын (1915-1998) Кеңес Одағының Батыры, І рангілі капитан УЩЕВ Борис Петрович дүниеге келді.

Петропавл қаласында туған. Жоғары әскери-теңіз флоты училищесін, Әскери-теңіз академиясы жанындағы курсты бітірген.

1939-1940 жылы кеңес-финн соғысына қатысқан. Балтық флотының 1-гвардиялық дивизиясының торпедалық катерлер отрядының командирі болған. Соғыстан кейін де әскери-теңіз флотында қызмет еткен.

Ордендермен және медальдармен марапатталған. Петропавл қаласындағы бір көшеге Ущевтің есімі берілген.

6 6 жыл бұрын (1948) композитор, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты СЕРКЕБАЕВ Алмас Ермекұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1966 жылы музыкалық мектебін, 1973 жылы Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) композиция (Ғ.Жұбанованың класы бойынша) бөлімін бітірген. 1973 - 74 жылдары - осында стажер-зерттеуші, 1974- 78 жылдары - стажер-ассистент, 1982 жылдан Қазақстан Композиторлар одағының дыбыс жазу кабинетінің меңгерушісі болды. Симфониялық, аспаптық-камералық, вокалдық және эстрадалық жанрда еңбек етті. Оның камералық оркестрге арналған "Шалқыма" (1974), "Кербез" (1976), "Отырар" (1979), "Шертпе күй" (1982); "Хорлан", "Мәңгі өшпес даңқ" (1974) атты вокалдық шығармалары; "Ақсақ құлан" балеті (1975) мен "Маугли, менің бауырым" рок-опера-балеті (1982), т.б. бар. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (1986).

60 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, саясаттану ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі БҰРХАНОВ Қамал Низамұлы дүниеге келді.

Ташкент облысында туған. Ташкент мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Саяси ғылымдарының докторы, профессор. 1977-1978 жылдары - Ә.Қастеев атындағы ҚазСРО мемлекеттік өнер мұражайының ғылым қызметкері. 1978-1979 жылдары - ҚазСРО ҒА Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының аға лаборанты. 1979-1995 жылдары - С.М. Киров атындағы ҚазМУ аға лаборант, ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, оқу жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, тарих факультеті саяси тарих кафедрасының меңгерушісі. 1995-2000 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ тарих факультетінің деканы. 2000-2001 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ философия және саясаттану факультетінің деканы. 2001-2002 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі. 2002-2004 жылдары - Абай атындағы АМУ заң факультетінің деканы. 2004-2006 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы. 2006-2007 жылдары - ҚР БҒМ Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры. 2007-2011 жылдары - ҚР IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2012 жылғы қаңтардан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша сайланған. «Құрмет» орденімен марапатталған.

5 8 жыл бұрын (1956) Алматы қалалық Сауда-өнеркәсіп және кәсіптік палатасының президенті, «ҚазЭкспо» халықаралық көрме компаниясының президенті МОЛДАҒАЛИЕВА Мария Ташкенбайқызы дүниеге келді.

Өскемен қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1981-1984 жылдары - комсомолдық және партиялық жұмыстар атқарған. 1984-1991 жылдары - Республикалық көркемөнер кеңесінің хатшысы, Қазақстан суретшілер одағы Көркемөнер қорының өнер зерттеушісі, аға өнер зерттеушісі, директоры, бас директоры. 1991 жылдан «Қазэкспо» халықаралық көрме компаниясының президенті. 1994-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы төралқасы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2001 жылдан - Алматы қалалық Сауда-өнеркәсіп және кәсіптік палатасының президенті.

5 5 жыл бұрын (1959) Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры, заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі КӨБЕЕВ Еркін Қинаятұлы дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1989-2000 жылдары - Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультеті деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, доценті, заң факультетінің деканы, профессоры. 2000-2001 жылдары - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры. 2001-2004 жылдары Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде 2004 жылдан бастап істейді. Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі, 2 монографиясы мен оқулығы жарық көрген.

4 6 жыл бұрын (1968) Қазақстандық Халықтар достығы университетінің ректоры, Ұлттық ғылыми медициналық оралық жанындағы диссертациялық кеңес мүшесі, Білім берудің мемлекеттік стандартын жасау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, ОҚО Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі ҚУАТБЕКОВА Рабиға Әбдімұсақызы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы қаласындағы медицина институтының «Емдеу ісі», 1999 жылы «Қайнар» университеті Оңтүстік Қазақстан филиалының «Құқықтану» және 2004 жылы Қазақ-өзбек инженерлік-гуманитарлық университетінің «Педагогика және психология» мамандықтарын бітірген. 1999 жылы медицина ғылымдарының кандидаты, 2002 жылдан Қазақстан халықтар Достығы университетінің профессоры, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі.

9 монографиясы, 62 мақаласы, 16 әдістемелік-нұсқаулық кітаптары жарық көрген, 4 жаңалықтың, 2 патенттің авторы. 2005 жылдан бастап университет ректоры қызметін атқарып келеді.

40 жыл бұрын (1974) ҚР «Темірбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары БЕКҚАЛИ Мұхтар Асқарұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (экономика және маркетинг бакалавры), Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын (экономика магистрі), Айова штатының мемлекеттік университетін (Эймс қаласы, АҚШ) бітірген. 1993-1995 жылдары - «АЙДАР» ЖШС бас директорының орынбасары. 1995-1996 жылдары - Жапондық халықаралық ынтымақтастық және даму агенттігінің қызметкері. 1997-1999 жылдары - Arthur Andersen компаниясының қызметкері. 2001-2006 жылдары - АҚШ-тың Эймс қаласында ауыл шаруашылығын дамыту және зерттеу орталығының қызметкері. 2006-2007 жылдары - «ТұранӘлемБанкі» АҚ инвестициялық жобаларды талдау бөлімінің бастығы. 2007-20011 жылдары - «Темірбанк» АҚ даму жөніндегі басқарушы директоры. Қазіргі қызметінде - 2011 жылғы қазаннан бері.

42 жыл бұрын (1972) «Қазақстан темір жолы» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті АЛПЫСБАЕВ Қанат Қалиұлы дүниеге келген.

Ол 1972 жылы наурыздың 31-інде Ақмола облысы Атбасар қаласында туған. Алматы теміржо инженері институтын бітірген. (АҚШ) Кентукки университетін, Мәскеу халықаралық бизнес мектебін бітірген. Магистр. 1994-2002 жылдары Тың темір жолы, «Қазақстан темір жолы» РМК, акционерлік қоғамдарда әртүрлі қызметтер атқарды. 2002-2003 жылдары «Эйр Астана» ЖАҚ қаржы жөніндегі басқарма директоры, қаржы және ақпараттық технология жөніндегі вице-президенті қызметін атқарды. 2005-2008 жылдары «Дженерал Электрик» корпорациясы филиалының бизнесті дамыту жөніндегі директоры болды. 2010 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған .

28 2 жыл бұрын (1732-1809) австриялық композитор, Вена классикалық мектебінің өкілі Йозеф ГАЙДН дүниеге келді.

8 5 жыл бұрын (1929-2007) американдық модельер-дизайнер Лиз КЛЭЙБОРН дүниеге келді.

7 6 жыл бұрын (1938) кеңестік және ресейлік театр және кино актері, РСФСР халық әртісі ЗБРУЕВ Александр Викторович дүниеге келді.

6 6 жыл бұрын (1948) кеңестік және ресейлік эстрада әртісі, Ресей халық әртісі ВИНОКУР Владимир Натанович дүниеге келді.

60 жыл бұрын (1954) латвиялық және ресейлік эстрада әртісі, актриса ВАЙКУЛЕ Лайма Станиславовнадүниеге келді.

4 3 жыл бұрын (1971) кеңестік және ресейлік хоккейші, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері БУРЕ Павел Владимирович дүниеге келді.