31 наурызда 6 облыстық, 13 қалалық және 38 аудандық мәслихат депутаттары сайланатын болады - ОСК

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - 31 наурызда республиканың 13 өңіріндегі 57 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізіледі.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте комиссияның бас сарапшысы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Венера Жексембекова мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың 31 наурызында республиканың 13 өңіріндегі 57 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізіледі. Барлығы 6 облыстық, 13 қалалық және 38 аудандық мәслихат депутаттары сайланатын болады», - деді В.Жексембекова.

Оның атап өтуінше, сайлау науқанына қажетті қаржылық және материалдық-техникалық ресурстар толығымен қамтамасыз етілген. Сайлау науқаны барысында 167 кандидат ұсынылған. Олардың 59-ын саяси партиялар, ал 108-і өзін-өзі ұсынған. Тіркеу нәтижесінде157 адам барлық талаптарға сай деп танылған. 60 кандидат саяси партиялардың мүшесі, 68-і партияда жоқ, ал 29-ы өзінің партия қатарында бар-жоқ екендігін көрсетпеген. Кандидаттардың орташа жасы - 40. Тіркелгендердің 119-ы ер, 38-і әйел адам.

«Қазіргі уақытта сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізілуде. Ол 29 наурызда 24:00-де аяқталады. Сайлау алдындағы және дауыс беретін күндері үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар