31 наурыздан бастап Орал-Мәскеу тікелей әуе рейстері іске қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - S7 Airlines авиа тасымалдаушысы жаңа Мәскеу - Орал (Қазақстан) рейсі ашылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

31 наурыздан бастап Орал-Мәскеу тікелей әуе рейстері іске қосылады

Авиабилеттер сатылып жатыр. Мәскеудің Домодедово әуежайынан рейстер 2017 жылғы 31 наурыздан бастап жұма күндері ұшады. Мәскеуден 2.10-да шығып, Қазақстанға жергілікті уақыт бойынша 6.10-да жетеді. Кері рейс Орал әуежайынан 7.10-да шығып, Домодедовоға Мәскеу уақыты бойынша 7.10-да жетеді. Ұшырылым Airbus A319 заманауи жайлы лайнерімен жүзеге асырылады, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

«S7 Airlines - Оралдан Ресейге ұшатын жалғыз авиакомпания. Тікелей қатынас Орал тұрғындарына Мәскеуге жетуіне мүмкіндік жасап қана қоймай, Домодедова әуежайында түйісетін ыңғайлы S7 Airlines маршруттық желісімен қалаларға саяхаттауға да мүмкіндік береді», - деді S7 Group коммерциялық директоры Игорь Веретенников.

S7 Airlines рейсімен Мәскеуге Қазақстанның Көкшетау, Тараз, Өскемен сияқты қалаларынан да баруға болады.