31 тамыз күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 тамыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің тек оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте – дауыл, найзағай, тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады.
Күндіз Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Түркістан облысында найзағай күтіледі.
Атырау, Ақтөбе облыстарының, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында, Түркістан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.