31 желтоқсан күнгі ауа райы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 желтоқсанда Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, осыған байланысты жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

31 желтоқсан күнгі ауа райы

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.