31 желтоқсанда Астанада жүгіруден жарыс өтеді

Астана
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Жаңа жыл түнінде Астанада жүгіруден жаппай жарыс өтеді. Қатысушылар 2 024 метр қашықтықты еңсеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жарыс 31 желтоқсанда ботаникалық бақтан (Түркістан көшесі мен Орынбор көшесінің қиылысы) басталып, ЭКСПО-дағы бас шыршаның аумағында аяқталады. Басталуы – 21:00-де. Ал 2023 жылдың 31 желтоқсанында сағат 20:30-да жарысқа қатысушыларға пакет беріледі. 

Жарыс алдында фитнес жаттықтырушылармен денеін қыздыру мақсатында жаттығулар, түрлі бағдарламалар болады.

Қатысушылар арасында жаңа жылдық лотереяда жүлделер ойнатылады. Барлық қатысушы медальдармен марапатталады. 

Спорттық іс-шараға қатысуға ниет білдірушілер шақырылады. Негізгі қашықтық 2 024 метрді құрайды.

Жарыс аяқталғаннан кейін бас шырша маңында концерттік бағдарлама, лотерея және қатысушыларды марапаттау рәсімі өтеді. 

Соңғы жаңалықтар