31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады.

Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз күтіледі.