"Ислам мемлекетінің» содырлары Сирияның солтүстік-шығысынан 90 христианды ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» тобының жиһадшылары Сирияның солтүстік-шығысында орналасқан христиан ауылдарынан 90-ға жуық адамды ұрлап кеткен, деп жазады Би-би-си.

"Ислам мемлекетінің» содырлары Сирияның солтүстік-шығысынан 90 христианды ұрлап кетті

Лондонда Сириялық адам құқықтарын сақтау мониторингі орталығының ақпаратына сүйенсек, оларды ауылды қоршап алған содырлар ұрлаған.

Христиандар Сирияның солтүстік-батысында бірнеше ғасырдан бері өмір сүріп келеді. Алайда олардың саны елдегі азаматтық қақтығыс кезінде біршама азайған.

Ақпан ортасында «Ислам мемлекеті» мысырлық 21 христианды өлім жазасына кескен бейнетаспа таратты. Ақпанның басында жихадшылар Ирактың Мосул қаласында 16 адамды өртеп жіберген.