19:58, 16 Қазан 2016 | GMT +5
34 жастағы Литваның денсаулық сақтау министрі өмірден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдің денсаулық сақтау министрі әрі Литва сеймі (кей елдерде парламент осылай аталады - ред.) мүшесі Юрас Пожела 34 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Росбалт.

Пожела тамыз айының басында ас қорыту жүйесінің бұзылуына және іш құрылысының ауыруына байланысты ауруханаға жатқызылған. Оған панкреатит деген диагноз қойылған.
Министрдің жағдайы өте ауыр еді, алайда дәрігерлер ол оңалып кетеді деген үмітін үзбеген болатын.
Саясаткер Сантариш клиникасының жансақтау және интенсивті терапия бөлімінде ем қабылдаған еді.