34 жолаушысы бар автобус Алматы-Екатеринбург тас жолында қалып қойған
АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ құтқарушылары ақауы бар автобустан 34 адамды эвакуациялады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
Бүгін таңертең Алматы-Екатеринбург тас жолында ақауы бар автобустан жолаушыларды кезекті шұғыл эвакуациялау жүргізілді. Құтқарушылар 34 адамды құтқарып, жақын маңдағы ауылға жеткізді.
— Рейстік автобус Астана-Шымкент бағытында келе жатқан, бірақ 900 шақырымда техникалық ақау орын алған. Құтқарушылардың жедел жұмысының арқасында олар Ақсу-Аюлы ауылына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз!, — деп ескертті ведомство.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордалық ТЖД ауа райына байланысты тұрғындарға үндеу жолдаған еді.
Сондай-ақ, құтқарушылар «Самара-Шымкент» тас жолында 35 адамды эвакуациялағаны белгілі болды.