34 жыл түрмеде өлім жазасын күтіп отырған ер адам ақталып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда қамауда отырғандардың ішінде аты әйгілі 78 жасар Ивао Хакамада өлім жазасына кесілгендер камерасында 35 жылдай отырып, бостандыққа шықты.

34 жыл түрмеде өлім жазасын күтіп отырған ер адам ақталып шықты

1968 жылы оған төрт адамды өлтірді деген айыппен өлім жазасы кесілген. Жапондық азамат қылмыс жасамағандығын дәлелдау үшін бақандай жарты ғасыр өтті, деп хабарлады Kyodo News.

Ивао Хакамада темір торда 48 жыл отырды, оның 34 жылын өлімін күтумен өткізді. Нәтижесінде Сидзуока қаласының округтік соты қылмыскерге тағылған айыпты жалған деп таныды. Билік Ивао Хакамаданы өлім жазасына кескен үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға қаулы шығарды. Ал өзін бостандыққа шығарды.