15:18, 12 Наурыз 2024 | GMT +5
342,8 млн теңге тәркіленді - Елорда тұрғыны криптовалютаны заңсыз айырбастаған
АСТАНА. KAZINFORM - Елордада тұрғыны криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Соттың үкімімен криптовалютаны заңсыз айырбастаған қала тұрғыны мүлкі тәркіленіп, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Кінәлі тұлға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында лицензиясыз айырбастау қызметімен айналысып, 6 айдың ішінде 342,8 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан.
Прокурордың талабымен сотталған адамнан заңсыз тапқан 342,8 млн. теңге сомасындағы қаржысы мемлекет пайдасына өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.