35 500 АҚШ долларын шекарадан заңсыз алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Б.Қонысбаев көлік» өткізу бекетінде Ресей Федерациясының азаматы декларацияланбаған валюта әкетіп бара жатқан жерінен ұсталды.
Біздің елден Өзбекстанға «Хюндай» автокөлігімен өтіп бара жатқан ресейлік азаматтың сөмкесін тексерген кезде 35 500 АҚШ доллары табылған.
Сондай-ақ қазақ-қырғыз бағытындағы «Қордай» шекара отрядының наряды салмағы екі жарым центнерден асатын халық тұтынатын тауарларды Қырғыз елінен бізге қарай өткізбекші болған 2 қырғыз азаматын қолға түсірді.
Аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.