Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

35 мыңға жуық бүлдіршін елорда мектептерінің табалдырығын аттайды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 2026-2027 оқу жылына бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. Құжат қабылдау 28 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Первый звонок
Коллаж: Kazinform

Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, бүгінде 30 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін елорда мектептерінің табалдырығын 35 мыңға жуық бүлдіршін аттайды деп жоспарланып отыр.

Ата-аналар баласын бірінші сыныпқа қабылдату үшін құжаттарды «электрондық үкімет» порталы — www.egov.kz арқылы электронды түрде тапсыра алады. Сонымен қатар құжаттарды мектепке барып, қағаз түрінде де өткізуге мүмкіндік бар.

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:

  • ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
  • «Профилактикалық екпелер картасы» (№ 065/у);
  • «Бала денсаулығының паспорты» (№ 052-2/у);
  • баланың 3×4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.

Құжаттарды қағаз түрінде тапсырған жағдайда ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігінің көшірмесі қоса ұсынылады.

Бірінші сыныпқа қабылдау тәртібі бойынша толық ақпаратты ата-аналар тұрғылықты жері бойынша мектептерден немесе электронды порталдардан ала алады.

Жаңа оқу жылына дайындық аясында елорда мектептерінде бірінші сыныпқа баратын балаларды қабылдау жұмысы белгіленген мерзімге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Бұдан бұрын биыл 1-сыныпқа тапсырылған құжаттардың 89 пайызға жуығы электронды форматты берілгені анықталды.