3,5 мыңға жуық тұрғын үй әлі де су астында қалып отыр

тасқын су
Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM — Өңірлерге қолдау көрсету және су тасқыны салдарын барынша азайту жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. 8 өңірде төтенше жағдай режимі жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

3,5 мыңға жуық жекеменшік үй су астында қалды.

67 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып отыр. 

Күштер мен техниканың қосымша топтары жасақталды. Қиын жағдайға тап болған өңірлерге көмек көрсету үшін оңтүстік өңірлерден әскери қызметшілер жұмылдырылды. Сонымен қатар бірқатар облыстарда келтірілген залалды есептеу бойынша өңірлік комиссиялар жұмыс істеп жатыр. 

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев атап өткендей, тиісті комиссиялар жұмысы аяқталғаннан кейін тұрғын үйлерді жөндеуге және салуға өтемақы төлей бастайды.

Су тасқынынан зардап шеккендердің басқа да мүлкі мен мал шығынын өтеу мәселелері жақын арада шешімін табады. 

Соңғы жаңалықтар