3,5 млн қорап темекіні Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан өткізбек болғандар ұсталды

Темекі
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

АСТАНА. KAZINFORM – Заңсыз жүкті Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан алып өтпек болғандар «Айша бибі» өткізу пунктінде ұсталды.  

Тауарға ілеспе құжаттардың мәліметтері бойынша автокөліктер Қырғызстаннан Түркияға транзитпен өтіп, тасымалдаған.

Тексеру барысында 3,5 миллионнан аса қорап темекі (Milano, Cavallo, Platinum, Taj) анықталды. Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін, барлық материал Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді. 

МКК өңірде наурыз айында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жүктерді заңсыз тасымалдаудың жолын кесу бойынша бірлескен жедел-алдын алу іс-шаралары өткенін хабарлайды.

5 наурызда Қырғызстаннан жолаушыларсыз келе жатқан үш жолаушы автобусының бірлескен тексерулерінің нәтижесінде олардың жүк бөлімдерінде 8 мыңнан астам халық тұтынатын өнімдер табылды. Тауарлардың ілеспе құжаты болмаған. 

Соңғы жаңалықтар