35 млн. теңге мөлшерінде бюджет салығын төлеуден жалтарған кәсіпкерге жаза тағайындалды
ТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - 35 млн. теңге мөлшерінде бюджет салығын төлеуден жалтарған кәсіпкерге жаза тағайындалды.
Бұл ақпаратты ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Атырау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «ТрансТрейдСервис» ЖШС-нің директоры С.Ғабдулинге қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ол 2007 жылдың 1 шілдесінен 2009 жылдың 31 желтоқсан айлары аралығында салық органдарына тапсырылатын декларацияға кіріс және шығыс туралы көрінеу бұрмаланған мәліметтерді енгізіп, 35 млн. теңге мөлшерінде бюджетке салық төлеуден жалтарған», - делінген ведомство ақпаратында.
Атырау қалалық №2 сотының үкімімен С.Ғабдулин ҚР ҚК 222-бабының 2-бөлігі (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды.