35 мың адам коронавирустан емделуде - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 мамырдағы мәлімет бойынша, 35 198 адам коронавирус инфекциясынан (34 663 КВИ+ және 535 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың ішінде 13 247 пациент стационарда, 21 951 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
•727 адамның жағдайы ауыр,
•185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
•100 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.