35 ұстаз содырлар тұтқынына түсіп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қандағарда университеттің 35-тен астам ұстазы тұтқынға түсіп қалды, деп хабарлады шетелдік БАҚ Ауғанстан билігіне сілтеме жасап.
Кабулға бет алған оқытушылар мінген автобусты ел астанасына шығысқа қарай орналасқан Газни өлкесінде қарулы белгісіз адамдар тоқтатқан. Жергілікті билік ақпараттарына қарағанда, ел ақсақалдары Тәліб қозғалысының өкілдерімен ұстаздарды босату үшін келіссөздер жүргізуде. Ал қозғалыс баспасөз хатшысының хабарлауынша, ұстаздардың тұтқынға түсуі жайындағы ақпарат тексерілуде.