35 жылға бас боcтандығынан айырылған Б. Мэннинг Б. Обамадан кешірім сұрады
АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - 35 жылға сотталған Брэдли Мэннинг АШҚ Президенті Барак Обамадан кешірім сұрады, деп хабарлайды 24.kz.
Ол өз хатында Ақ үй басшысынан заңды елін шексіз сүйгендіктен ғана бұзғанын мойындаған. Б. Мэннингтің жазуынша, ол Ирак пен Ауғанстандағы америкалық әскердің қолынан бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны құпия ақпарат болғанын, бұл ретте қолбасшылық өз қателігі үшін жауап берудің орнына, ұлттық қауіпсіздікті желеу еткенін ашып көрсеткен. Б. Мэннингтің бұл сөздері оның тағдырының өзгеруіне қаншалықты себі тиетіні белгісіз. Бірақ сарапшылар мен журналистердің пайымдауынша, Б. Обама бұрынғы жауынгердің мерзімін қысқартуы әбден ықтимал. Естеріңізге сала кетейік, Брэдли Мэннинг Иракта соғыста жүрген кезінде Ауғанстан мен Ирактағы соғыстар туралы жеті жүз мыңнан астам құпия құжаттарды WikiLeaks сайты арқылы жариялап жіберген.