36 бала мінген автобусқа оқ жаудырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше түнде Ресей мен Украина шекарасында Ростов облысына қарай кетіп бара жатқан балар мінген автобусқа шабуылдаушылар оқ жаудырды. Бұл туралы РФ бойынша балалар құқығына жауапты Павел Астаханов хабарлады, деп жазады РБК.
Астаханов автобус "Изварино" өткізу бекетіне түнде шабуыл жасалған кезде атқыланғанын нақтылады. Жаңбырша бораған оқтан балаларды аман алып шығуға шекарашылар және жүргізуші көмектескен. Балалар мен олардың ата-аналары Ресейге арнайы операциялар жүргізіліп жатқан Донецк облысынан келген.
Мәліметтер бойынша, автобуста 36 бала болған. Қазіргі таңда зардап шегушілер Ростов облысына келіп жетті. Олардың барлығы палаталық лагерьге орналастырылды, психологтар жұмыс жүргізіп жатыр.