36 жастағы итальяндық Алекс Беллини айсбергте өмір сүруді жоспарлап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 36 жастағы итальяндық Алекс Беллини экстремалдық саяхат жасамақ. Ол бір жыл айсбергте өмір сүруді жоспарлауда. Беллини Гренландия жағалауының маңындағы өзі үшін жасалған модульде тұрмақ.

36 жастағы итальяндық Алекс Беллини  айсбергте өмір сүруді жоспарлап отыр

Жоба «Дрейфте» деп аталады. Еріп жатқан айсбергке итальяндық 2016 жылдың қараша айында көшуді көздеп отыр, деп жазды russian.rt.

«Біз адам бұрынғыдай табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа оралуы керектігін жұртшылықтың еске салғымыз келеді. Адамдарға өмірдегі сындар өз-өзіңді тексеруге, зерттеуге туатын жақсы мүмкіндік», - деді экстремал.

Айсбергте өмір сүру Беллини үшін алғашқы экстремалдық тәжірибе емес. Ол осыған дейін 23 мың шақырым жүгіріп, 35 мың шақырымды қайықпен жүзіп өткен.