39 млн теңге берешегі бар борышкердің көлігі айыптұраққа қойылды
Шымкентте «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Екі күн ішінде полиция қызметкерлері мен атқарушылық іс жүргізу органдарының мамандары бірлесіп берешегі бар жүргізушілерден 20 миллион теңгеден астам қаражат өндірді. Сондай-ақ қарызын өтеуден жалтарып жүрген жүргізушілерге төленетін төлемдер туралы ескертіп, 119 автокөлікті айыптұраққа қойды.
«Д. Қонаев даңғылының бойында «Chevrolet Damas» автокөлігін тоқтатқан полицейлер жүргізушінің көлік басқару құқығы шектелгенін және 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар екенін анықтады. Көлік бірден айыптұраққа қойылды», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.