39-шы ғарыш экспедициясының экипажы олимпиада алауын Халықаралық ғарыш станциясына жеткізді

БАЙҚОҢЫР. 7 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 10:14-те ұшырылған «Союз ТМА-11» ұшқышпен басқарылатын кеме алты сағат өткен соң Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ойдағыдай қонды.
None
None

Роскосмостың баспасөз қызметі хабарлағандай, «Союз ТМА-11М» кемесі ресейлік ХҒС сегментінің «Рассвет» шағын зерттеу модуліне (ШЗМ) тоқтады. Жақындау үрдісі автоматты тәртіпте ФМУКмашОҒЗИ Ұшуды басқару орталығы, құрамында командир Михаил Тюрин (Роскосмос), борт инженерлері Рика Мастраккио (НАСА) және Коичи Вакаты (ДжАКСА), сондай-ақ, ресейлік ХҒС экипажының мүшелері - ғарышкерлер Федор Юрчихин, Олег Котов және Сергей Рязанский бар КБК экипажы мамандарының бақылауымен өтті.

Бұрын хабарлағанымыздай, маңызды міндеттердің бірі - ХҒС-қа алдағы Сочиде өтетін Қысқы ойындардың олимпиада алауы капсулын жеткізу.

Роскосмос баспасөз қызметінің ақпарат қызметі хабарлағандай, 9 қарашада олимпиада алауын ашық ғарышқа ХҒС-да жұмыс істейтін Роскосмос ғарышкерлері Олег Котов және Сергей Рязанский алып шығады.

11 қараша күні Федор Юрчихин, Карен Найберг және Лука Пармитано Жерге оралады деп жоспарлануда, олар ғарыштан олимпиада алауын алып келеді.

Соңғы жаңалықтар