22:58, 21 Шілде 2015 | GMT +5
3D-баспа Голливуд табысына қауіп төндіріп отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд киностудияларының кәдесыйларды сатудан түсетін пайдасына 3D-принтерлерінің тарауы қауіп келтірмек. Әзірге бұл құрылғыларда кинофильмдердің сарындары бойынша жасалған ойыншықтар шығарыла қоймаған, алайда қазірдің өзінде олардың коммерциялық потенциалы жоғары.
Бұл туралы РБК хабарлады.
3D-шығарудың кең тарауы голливуд киностудияларының кәдесыйларды сатудан түсетін табысын азайтуы мүмкін, деп жазды The Wall Street Journal.
Басылым журналистерінің пікірінше, 3D-принтерлердің арзандауы белгілі фильмдердің сарындары бойынша ойыншықтарды жасау саласында интернет-қарақшылығына әкеледі.