3D форматындағы «Ортеке» мультфильмі көрерменге жол тартпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында анимациямен кәсіби айналысатын орталық жұмыс істеп жатыр.
None
None

null Құрылғанына әлі бір ай болмаған анимациялық орталық бұл күні бірнеше 3D форматындағы мультфильмдерді жасауды бастап кеткен екен.

«Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіндегі (Шабыт) оқуымды аяқтап, Қазақфильмнің «Жерұйық» фильмінің тұсіріліміне қатысқан едім. Кейін Қытайға барып, бірнеше анимациялық компанияларда жұмыс істедім. Сол кезде Қытайдағы қазақ жастарының туындысы - «Абайдың балалық шағы» мультфильмінің алғашқы серияларын жасауға атсалыстым», - деді орталық директоры Қасиет Сахиоллаұлы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

null  

«Орталықтың мамандарының көпшілігі - Қытайдан келген жоғары білікті қазақ жастары. Олар Қытайдағы Бейжің, Үрімжі қалалары және Аньхой провинциясында анимация мамандығы бойынша білім алып, бірнеше жыл қытайлық компанияларда жұмыс істеген. Анимация саласының әр қырын меңгерген осы жастарды біріктіріп, қазақша мультфильмдерді дамыту ұшін Астана қаласында «Qazart media» орталығын аштық. Алдағы уақытта сапалы қазақша мультфильмдер дайындайтын боламыз», - деп атап өтті Қасиет Сахиоллаұлы.

Орталық директоры 3D форматындағы «Ортеке» авторлық мультфильмінің жақын арада жарық көретінін, сонымен қатар кинофильм эффектілерін жасаумен айналысуды көздеп отырғанын да жеткізді. «Ортеке» Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы музыкалық анимация болмақ.

 

Соңғы жаңалықтар