11:50, 08 Шілде 2013 | GMT +5
3D шоуы арқылы Астана тарихы көрсетілді
АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Астана күнін мерекелеу аясында алаңдар мен СОО-да өткен бір-біріне ұқсамайтын мерекелік шаралар қала тұрғындары мен қонақтарының есінде мәңгі сақталатын болды, деп хабарлайды елорданың ресми сайтынан.
«Астана опера» опера және балет театры алдындағы алаңға да халық көптеп жиналды. Өйткені мұнда «Сәттілік кілті» 3D жобалық шоу мен «Музыка әуені» мультимедиялық шоуы көрсетілді.
Сонымен қатар театр фонында қысқаметражды фильм кадрлары, қала құрылысы, қазіргі Астана көркі көпшілікке ұсынылды.