4-6 шілдеге ауа райы болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 4-6 шілде аралығына күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады: жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі.

6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы қалыптасатыны болжанады.

Сондай-ақ батыста күндізгі ауа температурасы біртіндеп +33+39°С дейін жоғарылайды, ал республиканың қалған бөлігінде температура: солтүстік-батыста және орталықта +25+35°С дейін, солтүстікте +25+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін, оңтүстікте +25+38°С дейін аздап төмендейді», - делінген синоптиктер мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар