4 ақпан. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 4 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None
None

null

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1909-1998) ақын, драматург, әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбділда ТӘЖІБАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1932-1948 жылдары Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», республикалық «Жас алаш» газеттерінде редактордың орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, төрағасы, Қазақстан ҒА Тіл және әдебиет институты Жамбыл бөлімінің меңгерушісі болды. 1948-1958 жылдары шығармашылықпен айналысты. 1959-1984 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, театр өнері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ә.Тәжібаевтың «Жүректілер» пьесалар жинағы, «Халқым туралы аңыз», «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез» атты драмалық дастандары, «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен жігіт», «Монологтар» атты драмалық шығармалары жарық көрген. «Дубай Шубаевич», «Той боларда» атты комедиялары бар. Ол әдебиеттану саласында да өнімді еңбек етті. Оның «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты зерттеуінде қазақ драматургиясының күрделі мәселелері жан-жақты қарастырылған. Ақынның «Жылдар, ойлар», «Жаданның хаттары», «Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» деген сын, эссе, проза кітаптарында әдебиет пен өнерге қатысты жайлар жөнінде толымды пікірлер айтылады. 1954 жылы Ә.Тәжібаевтың сценарийі бойынша «Жамбыл» фильмі түсірілді.

«Қазан төңкерісі», 2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

55 жыл бұрын (1964)VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Тарас Кикбайұлы ХИТУОВ дүниеге келді.

Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының аппаратура жабдығын жөндейтін слесары болып бастаған. 1988-1990 жылдары - Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының ауысым шебері, техникалық қадағалау бөлімінің жетекші инженері. 1990-1991 жылдары - «Ақжол» ЖШС технологы, Ақтау қаласы. 1991-1993 жылдары - «Маңғыстау» бизнес-орталығының менеджері. 2000-2001 жылдары - Павлодар мұнай-химия зауытының цех бастығының орынбасары. 2002-2003 жылдары - Ақтау қаласы әкімінің орынбасары. 2003-2004 жылдары - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі. 2004-2008 жылдары - Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы. 2008-2010 жылдары - Ақтау қаласы әкімінің орынбасары. 2010-2012 жылдары - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның әлеуметтік саясат және персонал жөніндегі басқарушы директоры, Астана қаласы. 2012 жылы - «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы. 2012-2015 жылдары - «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның кадр және әкімшілік мәселелері жөніндегі вице-президенті, Ақтау қаласы. 2015-2016 жылдары - «Қаражанбасмұнай» АҚ аппарат басшысы, Ақтау қаласы. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап - VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

53 жыл бұрын (1966)«Экспресс К» республикалық газетінің бас директоры НҮСІПОВ Әділхан Бидахметұлы дүниеге келді.

Алматыда туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін бітірген.

Еңбек жолы: «Ленинская смена» газетінің тілшісі (1987-1991); шағын кәсіпорын директоры (1991-1999); «Деловая неделя» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редактордың міндетін атқарушы (1999-2000); «Экспресс К» газетінің экономикалық шолушысы (2000-2004); «Экспресс К» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, бас редактордың міндетін атқарушы (2004-2005); «Экспресс К» газетінің бас редакторы - бас директоры (2005-2009); «Экспресс К» газеті редакциясы» ЖШС бас директорының орынбасары, Алматы қаласындағы тілшілер қосынының басшысы (2009-2011); «Московский комсомолец в Казахстане» газетінің бас редакторы (2011 жылдан).

Қазіргі қызметінде 2015 жылдың шілде айынан бері.

44 жыл бұрын (1975) Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Сұлтанмұратұлы ҚЫРАУБАЕВ дүниеге келген.

Түрікменстанда туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1997); Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (2001) бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Қазақ ғылыми зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастаған. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің бас маманы, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде бас маман, кейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде мемлекеттік бюджетті атқару департаментінің бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары (2001-2004); Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің ахуалдық орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі (2004-2008); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ақпараттық-талдау орталығының, кейін макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі (2008-2010); Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары (2010-2012); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2012-2017); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2017-2018).
Қазіргі лауазымына 2018 жылдың қарашасында кірісті.

40 жыл бұрын (1979) Қарағанды облысының прокуроры Марат Исламханұлы СЕКСЕМБАЕВ дүниеге келген.

Арқалық қаласында туған. 2000 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдады.

2000-2002 жылдары Қарағанды қаласы Совет аудандық прокуратурасында; 2002-2003 жылдары ҚР бас прократурасында аға прокурор; 2003-2004 жылдары ҚР Бас прократурасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасы бастығының орынбасары; 2004-2009 жылдары ҚР Бас прократурасында бөлім бастығы, басқарма бастығы; 2009-2010 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры; 2010-2011 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы. ҚР ЭҚСЖКА Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаментінің бастығы болып қызмет атқарған. ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2014-2015); ҚР Бас прокуратурасы бірінші департаментінің бастығы (2015-2017).

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың тамыз айынан бері.

Соңғы жаңалықтар